Түркістан облысы мен Шымкентте күн жылынады

303

Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері ауа райы  біршама жылынады.

20-шы қарашада Түркістан облысының таулы аудандарында қар, тұман күтілуде. Ауа температурасы түнде -10, кей жерлерде -18 градус аяз. Күндіз ауа температурасы +4 +1 градус.Демалыс күндері таулы аудандарда қар, ауа температурасы біршама жылынып -5-10 градус, кебір жерлерде -2 градусқа дейін аяз. Күндіз -2 градус 3 градусқа дейін жылынады.

Арайлым МАХАНОВА, Қазгидромет РМК Түркістан облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі: «Шымкент қаласы бойынша ертең, алдағы демалыс күндері жауын-шашынсыз.

Ауа температурасы 20 шы қарашада түнде -13-15 градус болса , күндіз 1-3 градус аяз. 21, 22-не ауа температурасы түнде -8-10, күндіз 1-3 градусқа жылынады».

Синоптиктер, Төлеби ауданындағы Тасарық ауылында өткен түні -18 градус аязды тіркеген. Бүгін, яғни 20-шы қарашадан 21-не қараған түні ең суық түн болмақ  -20-21 градус  аяз.

Шынар Оразова