Түркістан облысында есірткіге тәуелді 431 адам есепте тұр

140
фото SN.kz

 

Халық денсаулығы басым құндылық бола отырып, қоғамның қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Денсаулық көрсеткіштерінің төмендеуі — тұтастай алғанда мемлекет дамуына және жекелеген адам әлеуетінің кері кету қаупін тудырады.

Осыған орай құқық қорғау органдары есірткімен байланысты қылмыспен үнемі күресіп келеді.

Есірткіге деген сұраныс негізінде оны сақтау мен тарату және өсіруге байланысты қылмыстардың өсу динамикасы байқалуда.

Covid19-ға байланысты қолданылған карантиндік шараларға қарамастан, біздің облыста есірткі қылмысына қатысты құқық бұзушылықтардың өсуі байқалады.
Ағымдағы жылдың 9 айында 318 қылмыс фактілері анықталды. Бұл-өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 8,2% артқан.

Сонымен бірге ақпараттық технологиялардың дамуына орай есірткі заттарын интернет-ресурстары арқылы сату — (интернет-дүкендері, Telegramm мен Whats’App мессенджерлері) контактісіз (тікелей байланыссыз) түрінде жүзеге асырылатындығын атап өту керек, өйткені ол – есірткіге қатысты фактілерді анықтау мен оның жолын кесуде барынша қиындық туындатады.

Мысалы, интернет (ғаламтор) қолданушысы интернет-қосымшалары мен интернет-дүкендері арқылы тауарларға (есірткі құралдарына) тапсырыс беріп, онлайн — әмиянды пайдаланып, төлем жасайды (kiwi-әмиян және т.б.). Төлем жасалғаннан кейін сатушы тауарды белгілі бір жерге орналастырады да сатып алушының мекенжайына жібереді.
Бұл сату әдісі — сатушы мен сатып алушы арасындағы визуалды байланысты толығымен жоққа шығарады.

Есірткі заттарын таратудың осы түрінің кең таралуы –құқықтық шараларды қабылдауға мәжбүр етеді.

Осыған орай, 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгертулер енгізіліп есірткі құралдарын электрондық ресурстар арқылы тарату — аса ауыр қылмыс құрамына жатқызылып ол үшін 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Түркістан облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының (статистикасына) мәліметіне сәйкес нашақорлыққа тәуелді 431 адам есепте тұр. Сонымен қатар нашақорлыққа ең сезімтал келетіндер — өскелең жасұрпақ екенін атап өткен жөн.

Есірткі құралдарының денсаулыққа ерекше зияндылығын ескере отырып, оны заңсыз сақтау мен тарату және өсіру фактілері өзіңізге белгілі болған жағдайда, құқық қорғау органдарына хабарлауыңызды сұраймыз.