Ұшақ билетін жеңілдікпен кімдер ала алады?

277

Ерекше балалар ата-анасының немесе ересек адамның ертуімен ұшақтарда тегін ұша алады. Мұндай жеңілдікті «SCAT» авиакомпаниясы ұсынады.
(«SCAT» авиакомпаниясы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша)

Мұндай жеңілдік ерекше балаға жылына бір рет ұсынылады. Жеңілдік билетін аларда тек қосымша алымдар төлеу керек болады.
Ұшақ билетін бір бағытқа немесе екі бағытқа алуға болады. Екі бағытқа алынғанда билеттер бір бланкіде рәсімделуі тиіс.
Ал кері ұшудың кестесі болмаған жағдайда билетті түрлі бланкілермен алуға рұқсат етілген.
Ерекше балаларға жеңілдіктер «SCAT» авиакомпаниясының Қазақстан бойынша тұрақты рейстерінде қарастырылған. Балаларды ересек адамның алып жүруі міндетті.
Назар аударар жайт: бір ересек адам екі немесе одан көп ерекше баланы алып жүрген жағдайда жеңілдік билеті рәсімделмейді.
Жеңілдікпен рәсімделген билеттерді қосымша айыппұлсыз ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Тек қосымша алымдар қайтарылмайды.
Жеңілдік билеттерін Қазақстан азаматтығы жоқ балаларға да рәсімдеуге болады.
Жеңілдік билетін аларда басқа құжаттармен бірге баланың мүмкіндігі шектеулі статусының бекітілген анықтамасының түпнұсқасын ұсыну керек.

Есте сақтаңыз, ерекше балаларға жеңілдік билеттері «SCAT авиакомпаниясы» АҚ-ның сату кеңселері мен өкілдіктерінде ғана рәсімделеді.

Нұрлан Бектаев,
«Тұлға.kz» жобасы

«Оңтүстік Рабат», №47, 19 қараша 2020 ж