20 тонна қауынға тапсырыс қабылдап, шетелдік азаматты сан соқтырған тұрғын ұсталды

194

Түркістан облысының полицейлері

Түлкібас АПБ-не Тәжікстан Республикасының азаматы арызданған. Жәбірленуші ер адамның айтуынша 2020 жылдың маусым-тамыз айларында қауын алу мақсатында Түлкібас ауданының тұрғынымен келіскен.

Яғни, танысынан Ресейге жүк көлігімен 20 тонна қауын салып жіберуді сұраған. Содан келісілген ақшаны түлкібастық тұрғынға салып жібереді. Алайда күдікті тауар үшін 3,5 миллионға жуық ақшаны алған соң телефонын көтермей ұшты-күйлі жоғалған. Осыдан соң шетелдік азамат полицейлерден күдікті азаматты ұстап, заңды шара көрулерін сұраған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркелген.

Полиция қызметкерлерінің табанды еңбектерінің арқасында күдікті азаматтың тұрғылықты мекен-жайы анықталып, ұсталды. Тәртіп сақшылары оны Түлкібас АПБ-не жеткізді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады.
Тергеу барысында анықталғандай ер азамат ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Бас шарасы келу туралы міндеттемеде. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

 

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі