Анықтама қажет емес: Жүргізуші куәлігін алу жеңілдеуі мүмкін

271

Енді жүргізуші куәлігін алу үшін психо және наркодиспансерден анықтама алудың қажеті болмауы мүмкін. Ішкі істер министрлігі мүдделі органдармен бірлесіп, бұл мәселені пысықтауда.

Бұл ұсыныспен мекемелердің базаларынан деректерді жалпы базаға біріктіру қолға алынбақ. Демек, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жүргізуші куәліктерін ақпараттық ресурстар арқылы берсе, өтініш берушінің есепте тұрғанын кез келген уақытта көру қолжетімді болады.

Қызмет көрсету азаматтар үшін барынша ашық, ыңғайлы жүйеге айналмақ. Айта кететін жайт, Ішкі істер минстрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің 90% -ға жуығы цифрлық форматқа көшкен.

Нұрділдә ОРАЗ, Ішкі істер министрінің кеңесшісі: «Тағы бір жаңалық осы цифрландыру шеңберінде осы жылы президент Қасым-Жомарт Кемелұлы тапсырма беріп, депутаттар арнайы заң жобасын дайындап отыр. Яғни, келесі жылдан бастап, жол жүру куәлігін ішкі істер органдарының қызметкерлері талап етпейтін болады. Себебі, жеке куәліктің өзі жеткілікті. Барлығы ортақ базаға тіркелген. Кез-келген ақпарат мысалы, жеке тұлғаның ЖСН номерін терген кезде ол жүргізуші кәлігі бар ма, номері қайда тіркелген және қандай да машина ұрлықта бар ма, жоқ па осы ақпараттардың барлығы Ішкі істер органдарының планшетінен шығып тұрады. Сондықтан да осы цифрландыру жүйесін министрлік 95 %-ға дейін жеткізіп отыр».

Есептеп қарайтын болсақ, елімізде жылына шамамен 2 млн. 700 мыңнан астам көлік тіркеліп, мемлекеттік нөмір беріледі екен. 900 мыңға тұрғын жүргізуші куәлігін алады.

Нұрлан Сұлтанбек