Барымташылар кәсібін тоқтатар емес

167

Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының дер кезінде ашылуы бойынша Түркістан облысы республикада алдыңғы қатарда.

Оңтүстік өңірінде мал ұрлығы тиылар емес

Бірақ та Қылмыстық Кодекске » Мал ұрлығы» бабы жеке бөлектеніп енгізілгеніне қарамастан, ауылдарда барымташылар кәсібін тоқтатар емес. Облыс әкімі мал ұрлығына тосқауыл қоюда ауыл әкімдері мен полицияның бірігуін тапсырды. Сараптамаға сәйкес, қылмыстың бұл түрінің 62 пайызы жайылым жерде орын алады екен.
Өмірзақ ШӨКЕЕВ, Түркістан облысының әкімі: «Алақандай жерде қалай мал ұрланғанын ешкім білмейді? Бір-бірін біледі. Кім бейім екенін де біледі. Кімнің малы ұрланатынын біледі. Ондайға шара қолдану керек, тоқтату керек. Барлық аудан, ауыл әкімдері мен полиция бірігіп, тез арада қолға алыңыздар. Жалпы, мал ұрлығын болдырмау керек».

Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәжілісінде мал ұрлығының жасалу тізбегі бойынша жұмысты күшейтіп, мал базарларындағы талапты қатайту жүктелді. Жиында облыс аумағында қараусыз және табылған малдарды ұстауға арналған орындардың санын арттыру бойынша ұсыныс та жасалды.

Шынар Оразова