Әлемдегі ең көне оркестрлардың бірі Президенттік симфониялық оркестр (ПСО) 2020 жылдың 3-4-5 желтоқсанында есігін гала концертпен ашты. Екі ғасырға жуық тарихы бар оркестр рухани ортаға жаңаша серпін берері сөзсіз.

Түркия – әлемдік мәдениеттің күретамырына айналған ел. Ешбір мемлекетке ұқсамайтын бірегей тарихы, табиғи сұлулығы мен уақыт ағынына ілесіп отыратын тамаша тұрмыс-тіршілігіне Азия мен Еуропаның қақ ортасына орналасқан географиялық ерекшелігін қосыңыз. Бұл – мәдениет пен өркениетке қосқан үлестің бір бөлігі ғана.

3 желтоқсанда Түркияның астанасы Анкара қаласында Президенттік симфониялық оркестрдің жаңа ғимараты ашылды. 1826 жылы іргетасы қаланған Оркестрдің аталған салтанатты шарасына Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған мен Түркияның Мәдениет министрі Мехмет Нури Эрсой қатысты.

Жаңа ғимаратың орталық залында 2023 орын бар. Кіші залда – 500 орын. Ғимарат жанынан Президенттік симфониялық оркестрдің музейі мен 10 мың адам сыятын концерттік алаң ашылған.

COVID-19 вируысына қарсы қауіпсіздік ережелі қатаң сақтала отырып өткен салтанатты шараға жергілікті және шетелдік қонақтар, өнерпаздар, БАҚ өкілдері мен Түркияның Мәдениет және туризм минисрлігінің арнайы қонақтары шақырылды.
«Үлкен зал», «Көгілдір зал», «Президенттік симфониялық оркестрдің тарихи залы» қамтылған мәдениет пен өнер орталығы жыл сайын түрлі шараларға толы болады.