М.Әйтенов: Балалардың қауіпсіздігі үшін жұмыстар сапалы орындалуы тиіс

104

Шымкент қаласында жыл соңында 3 ауысымды мектептер саны азаяды. Қазіргі таңда №17 мектептің қосымша құрылысы 95 пайызға аяқталған.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысанға барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Мектептің ескі ғимараты 378 оқушыға шақталған. Бүгінде онда 1357 оқушы үш ауысымда білім алуда. Мектеп жанынан жаңадан 300 орындық қосымша нысан құрылысы наурыз айында басталған. 3 қабатты ғимараттың ішкі жұмыстары аяқталған. Қазір сыртқы әрлеу, абаттандыру, қоршау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бас мердігер нысанды жыл соңына дейін пайдалануға берілетінін айтты.

Құрылыстың әрбір бөлшегіне жіті мән берген Мұрат Әйтенов балалардың қауіпсіздігі үшін жұмыстардың сапалы орындалуын тапсырды.

 

QAINAR KÓZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі