«NUR OTAN» – ТҮРКІСТАН: АУДАНДАРДА МЕДИЦИНАНЫҢ САПАСЫ АРТАДЫ

112

Түркістан облыстық сайлауалды штабының мүшесі, облыстық мәслихат депутаттығынан үміткер Бекжан Айткұлов «Манкент Санаторий» ЖШС-нің шипажайы қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде «Nur Оtan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, медицина қызметкерлерінің талап-тілектері тыңдадып, пікір алмасты.

Кездесу барысында көшбасшы партияның жетістіктері баяндалып, үнпарақтар таратылды. Сондай-ақ Бекжан Айткұлов медицина қызметкерлеріне алдағы бесжылдықта халықтың өмірі, еңбегі, денсаулығы, білімі, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынатынын жеткізді. Және де осы бағыттарда көптеген жобалар жасақталып, партия уәдесінің орындалуына ықпал етілетінін айтып өтті. Сайрам ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында 2021-2025 жылдарға арналған медицина саласында атқарылатын жоспарлармен бөлісті.

«Биыл барша әлем халқына оңай соқпады. Пандемия дүниені дүр сілкіндіріп, өмірге басқаша қарауды үйретті. Сондықтан бағдарлама аясында медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділікті арттыру жоспарланып отыр. Ол үшін «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық орталық ауруханасын қажетті медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге, IV санаттағы жедел жәрдем бригадасына 5 санитарлық автокөліктер сатып алуға, жыл сайын 230 медициналық қызметкердің біліктілігін арттыруға, тұрғындарды (жыл сайын 70 мыңнан астам адам) скринингтен уақтылы өткізуге, Қарасу ауылдық округі, Жаңақұрылыс ауылындағы 2021 жылы 1 медициналық пункттің құрылысына ықпал етуді жоспарлап отыр», – деді үміткер.

2022 жылы аудан орталығы Ақсу ауылында ауысымында 250 адам қабылдайтын аудандық емхананың құрылысы басталмақ. 2023 жылы қуаттылығы 100-150 адам қабылдайтын бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша 2 орталықтың (Қарасу, Манкент ауылдары) құрылысы бастау алмақ. «Nur Otan» партиясы 2023 жылы аудан орталығында (Ақсу ауылы) 50 жатын орындық жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысына, 2024 жылы 50 адам қабылдайтын 2 дәрігерлік амбулаторияның (Аққала, Ақбастау елді мекендері), 2025 жылы 50 адам қабылдайтын 2 дәрігерлік амбулаторияның (Әсіларық, Ақбай елді мекендері) құрылысын жүргізуге ықпал етпек.

Сонымен қатар коронавирус инфекциясына қарсы санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды ұйымдастыруға және денсаулық сақтау мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, жеке қорғаныс құралдарымен, дезинфекциялық және залалсыздандыру ерітінділерімен толық қамтамасыз етуге қолдау білдіретін болады.

Кездесу соңында шипажай қызметкерлері өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өсетіндігі туралы жаңалықты жылы қабылдағандарын жеткізді.

«Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз! Елді бірге дамытайық!

«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді

QAINAR KÓZ«Nur Оtan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі