Өгей шешесінен озбырлық көрген қыздар әкесінің қамқорлығына алынды

157

Өгей шешесінен қорлық көріп келген жетісайлық үш қыз қазір әкесінің жанында. Бұл туралы Жетісай аудандық білім бөлімінің өкілдері мәлімдеді.

Кәмелетке толмаған қыздарды әкесі мен әжесі өз қамқорлықтарына алып, Жамбыл облысына көшіп кеткен. Оның себебі, қаршадайынан таяқ жеп өскен қыздарға қоныс ауыстыраған дұрыс болар деген сеніммен. Өгей шешесінен көресіні көріп келген жас қыздармен жауаптылар байланысты үзбепті. Жиі жағдайларынан хабар алып тұратындар, уайымдауға еш негіз жоқ деп отыр.

Тұрсын МЫРЗАЛИЕВ, Жетісай аудандық білім бөлімінің басшысы: «Қазіргі таңда анасының нақты жаза мерзімі тағайындалып, жазасын өтеп жатқанына байланысты кіші баласы өзімен бірге. Ал, одан үлкен үш қыз мектепте оқуын жалғастырды. Оған дейін коммисия отырысының шешімімен, кәмелетке толмағандарды уақытша бейімдеу орталығына орналыстырылған болатын. Шымкент қаласына кейін әкесі келіп балаларды өз қамқорлығыма аламын деген соң біз келісім бердік».

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың сәуір айында Жетісайда жаға ұстатарлық жағдай орын алған болатын. Өгей шешелері кәмелетке толмаған үш қызын бір жарым жыл бойына соққының астына алып келген. Қаршадай қыздардың саусақтарына ине тығып, қит етсе естерінен тандырып есіне келгенді істеген.

Дүйім жұртты дүрліктірген қыздардың денесіндегі жарақаттарды мұғалімдерді кездейсоқ білгеннен соң әшкере болған. Ақыры соңында кішкентайларды азаптап келген 28 жастағы безбүйрек әйел 4 жарым жылға сотталған болатын. Ол жазасын орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленген болатын.

Ғалымжан Кенжебек