Рашид Аюпов Ресей депутаттарының пікіріне қатысты ойымен бөлісті

267

Түркістан қаласының әкімі Ресей депутаттарының жөнсіз сөздеріне пікір білдірді. Рашид Аюпов қазақстандықтар шымбайына тиген белгісіз шенеуніктердің сандырағына пысқырудың қажеті жоқ дейді. Және сын сағатында ойлайтын одан да маңызды мәселелер толып жатқанын айтады.

Рашид Аюпов, Түркістан қаласының әкімі: «Олардың айтқан пікіріне көңіл аударудың еш қажеті жоқ. Ойына келгенін айтқанымен факт өзгермейді. Кім не десе де, бұл біздің жеріміз. Иә біз бір кездері одақ болған шығармыз. Елімізде ғимараттар болмаған шығар. Бірақ бұл Қазақстан жері біреуге тиесілі дегер сөз емес. Сондықтан оған уақыт шығындап, көңіл бөлудің керегі жоқ».

Еске салайық, елдегі Тәуелсіздік күні алдында ресейлік депутаттар бірінен соң бірі өздерінше пікір білдірген еді. Көгілдір экранда олар «Қазақстанға жерді біз сыйладық» деп сайраған болатын. Бірақ, бұл айтылған сөздерге Ресей сол күйі ресми жауап қатқан жоқ. Ал, еліміздің сыртқы істер министрі тарихқа көз жүгіртіңдер деп кеңес берумен шектелді.

Назерке Үкібасова