«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат үміткері Бейсен Тәжібаев бастаған облыстық сайлауалды штаб мүшелері Сайрам ауданында іс-сапармен болды.

Мақсат – сайрамдық тұрғындарды толғандырған мәселелермен танысу және «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын түсіндіру.

Осы мақсатта ауданға арнайы ат басын бұрған қонақтарды «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Сайрам аудандық сайлауалды штабының төрағасы Алмас Әбдіқадыров ауданның тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Облыстық штаб мүшелері ең алдымен Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында болып, сайлаушылармен кездесті. Пікір алмасып, ауыл тұрғындарының талап-тілектерін тыңдады. Сондай-ақ, партияның сайлауалды бағдарламасы жайында баяндап берді.
– «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы негізгі төрт басымдықтан тұрады. Олар: Әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік беру, саламатты зияткер ұлт қалыптастыру, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы және есеп беретін, «халық үніне құлақ асатын» мемлекет және жауапты азаматтартар санын арттыру.

Байқап отырғандарыңыздай Бұл – егжей-тегжейлі зерделенген, шынайы құжат. Экономикадағы қиындықтарға қарамастан, «Nur Otan» Үкіметпен бірге алдағы бес жылдықта аталған бағдарламаны орындауға 21 триллион теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл бастама азаматтық қоғам мен толыққанды мемлекет құруға бағытталғаны айқын және әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді, – деді Б.Тәжібаев.

Өз кезегінде қарабұлақтық тұрғындар ауылдағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Ағын су, жол, жер және үш ауысымдық мектептердің мәселесін тілге тиек етті.
– Бұл мәселелердің барлығы партияның жұмыс жоспарына енгізіліп отыр және кезең-кезеңімен оң шешімін табатын болады. «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратын болады. Біздің міндетіміз – мемлекетіміздің әрбір тұрғынының сенімін ақтау, – деді қонақтар.

Одан соң, іс-сапар Жібек жолы ауылдық округінде жалғасты. Ауыл тұрғындарымен жүздескен партияның өкілдері ауылдардағы негізгі мәселелердің шешілуіне атсалысатынан жеткізді. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, алдағы келе жатқан саяси науқанда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

Іс-сапар Манкент ауылында жалғасын тапты. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат үміткері Б.Тәжібаев бастаған насихаттық топ «Есіктен есікке» акциясы аясында манкенттіктермен кездесті.
– «Nur Otan» партиясының ел игілігі үшін атқарып жатқан ілкімді істерін білеміз. Құрылған күннен бастап халыққа қалқысыз қызмет етіп келе жатқан бас партияға айтарымыз алғыс. Манкент ауылдық округіндегі бірнеше мәселе осы «Nur Otan» партиясының қолдауымен өз шешімін тапқан, – деп, батасын берді ауыл ақсақалдары.
Аталған азаматтар «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залына ат бассын бұрды. Мұнда Ауған соғысы ардагерлерімен кездескен облыстық штаб мүшелері оларды толғандырған мәселелерді тыңдады.

Партияның жасап жатқан жұмыстары үшін алғыс айтатындарын алға тарта отырып, қиын-қыстау сәттерде халықпен бірге болған партияны қашан да қолдауға дайын екендерін жеткізді.

– Ауған соғысы ардагерлері мен Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен ардагерлердің қатары жыл санап азайып келеді. Біздерге берілетін зейнетақының көтерілуіне, медициналық көмектің тегін берілуіне ықпал етсеңіздер, – деген өтініштерін жеткізді.

– Бұл мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат үміткері Бейсен Тәжібаев «Бұл мәселе ескерусіз қалмайды. Партия мәселенің оңтайлы шешуілуін қарастыратын болады» деді.
Аудан орталығындағы «НИК» сауда орталығынан атбасын бұрған штаб мүшелері сауда орнының жай-күйімен танысты және қызметкерлерімен жүздесті. Жүздесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасындағы кәсіпкерлікті қолдауға негізделген бағдарламасымен таныстырды.

Сондай-ақ, жаханға жайылған пандемия еліміздегі кәсіпкерлік саласын біршама әлсіреткені сөзсіз. Сондықтан партиямыз зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіруді және жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болатынын жеткізді.

Дәл осындай кездесу Қарамұрт ауылдық округінде де жалғасын тауып, ауылдық округтің қазіргі жай-күйі талқыланды. Қонақтарымыз өз кезегінде барлық ұсыныс-пікірлерге ден қойып, қойылған сауалдарға нақты жауаптарын берді.

«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді

«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының баспасөз қызметі