Шымкент қаласында «Мектептегі шахмат» бағдарламасы бойынша екі апталық оқу курсы қолға алынған болатын. Биыл қараша айынан бастап ұстаздарды оқыту басталды.

Осы уақыт аралығында қалада 324 мұғалім бағдарлама бойынша біліктілігін арттырды. Жоспарланған сағаттар саны – 36.

2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жалпы білім беретін мектептерде шахматтан сабақтар енгізілген болатын. Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мұғалімдерді оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға қолдау көрсетті.
Оқу курсының соңында қорытынды тест өткізіліп, оқытушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификат берілді. Дәрістер барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес өтуде.