Úı ANONS 7 жастағы оқушы қызға тиіскен мұғалім ұсталды

7 жастағы оқушы қызға тиіскен мұғалім ұсталды

фото ІІМ

Аталған жағдай  жекеменшік мектептердің бірінде орын алған. Кәмелетке толмаған қыз балаға информатика пәнінің мұғалімі тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер жасалғаны анықталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша құзырлы органдар тарапынан сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты қарастырылуда.

Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жариялауға жатпайды. Қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданатын болады.