Шымкентте Отбасы институты 4 мыңнан астам жанұяға көмек көрсетті

185

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес төрт ай бұрын құрылған Шымкент қаласындағы «SHANYRAQ» отбасы институтының жұмысы жанданып, нақты нәтижелер көрсетуде.

Осы жылдың қыркүйек айында жұмысын бастаған орталық қызметіне 4029 аз қамтамасыз етілген және көпбалалы аналар жүгінген. Оларға орталық мамандары ақпараттық қолдау, психологиялық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталынан қызметтерін алу мәселелері бойынша көмектер ұсынған.

Сонымен қатар, мамандар 2148 отбасымен телефон арқылы байланысып, тиесілі азық-түлік үлестері бойынша анықтау жұмыстарын жүргізген.

«SHANYRAQ» институты көпбалалы және мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қаладағы 26 мекемемен бірлескен түрде жұмыс жүргізіп келеді.
Орталық мамандарымен 48 кездесу, 7 бизнес-тренинг, 9 психологиялық – тренинг өткізілген.

Қосымша сұрақтар бойынша тегін 109 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі