Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды

150

Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар бойынша тергеу ісі аяқталды. Жалпы республикалық «Stop-ойын» жедел алдын алу іс-шарасы аясында бірқатар заңсыз ойынхана иелеріне осқауыл қойылған.

Нәтижесінде, «Сайрам» тұрғын алабы мен «Алаш» базарының аймағында ойын мекемелерінің қызметі тоқтатылды. Бұл жайында қалалық экономикалық тергеу департаменті ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу қорытындысын шығарды.

Камал ИСМАИЛОВ, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы: «Абай аудандық сотының үкімімен ұйымдастырушы ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлігі (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған 1000 АЕК (2 778 000 теңге) айыппұл түрінде жаза тағайындалды. ҚМК заңсыз ойын бизнесін белгіленген орындардан тыс жерде ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеміз!».

Нұрлан Сұлтанбек