Шымкенттік трансплантолог туралы Минск ақпараттық порталдары жарыса жазуда

201

Еліміздегі жас мамандарға қолдау көрсету тұрғысындағы мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асып келеді.

Солардың бірі Қазақстанға ғана емес, көрші шетелге де танылып үлгерген Рахымжан Үмбетжанов. Ол бүгінде мемлекетаралық достықты нығайтуға өз септігін тигізіп жүр.
31 жастағы дәрігер Шымкент қаласындағы № 1 қалалық клиникалық ауруханада гипатобилярлы хирургия және трансплантология бөлімінде жұмыс істейді. Бірінші санатты хирург-дәрігер, трансплантолог.

Алматы қаласындағы Асфендияров атындағы медицина университетінде білім алған. Кейіннен Белоруссияның Минск қаласында трансплантант бойынша клиникалық ординатура мамандығы бойынша оқуын жалғастырады.

Шымкент қаласындағы қызметі барысында үш жыл ішінде 173 туыстық трансплатациялық ота жасауға қатысқан. Оның ішінде 150 бүйрек, 23 бауыр отасы бар. Ізденімпаз маман мұнымен тоқтап қалмай біліктілігін арттыру мақсатында мемлекеттік бағдарлама аясында Минск қаласына кетті. Онда 5 айлық бүлдіршінге бауыр трансплатациясын жасап, ота сәтті аяқталған. Бұл жөнінде Минск ақпараттық порталдары да жарыса жазды.

Рахымжан Үмбетжанов белорус әріптестерінен органды трансплатацияға дайындайтын гепатобилярлы әдісті үйренгенін айтады. Алдағы уақытта тәжірибесін іс жүзінде шыңдай отыра, еліміздің медицинасын әлемдік деңгейге жеткізсем деген арманы бар.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі