Түркістан: Биыл 5 ауданға ерекше назар аударылды

141

Түркістан облысының 5 ауданына ерекше көңіл бөлінді. Осылай деген Өмірзақ Шөкеев кешенді жоспардың жүзеге асу барысымен танысып қайтты.

Айта кетейік, халқы ең тығыз орналасқан аудандарда биыл қарқынды жұмыс жүрзілуде. Жауаптылар ауыз су, жарық, көгілдір отыннан бастап, жол сапасын да жақсартамыз деп серт беріп отыр.

«Бес жұлдыз» деп аталатын бұл балабақша Сарыағашта осыдан 2 жыл бұрын ашылған. Содан бері 1 жастан 6 жасқа дейінгі кішкентайларды қабылдап келеді. Жеке меншік бөбекжай жұмысымен танысу үшін бұл жолы облыс әкімі келді. Өмірзақ Шөкеев сөзінше ол мұндай балабақшаны бұрын соңды көрмеген.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысының 5 ауданына ерекше назар аударылды. Олар Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай, Келес және Шардара аудандары. Кешенді жоспар бойынша екі жыл ішінде олардың инфрақұрылымдық жүйелері мен мектеп, балабақша сынды білім нысандарын аяқтан тұрғызу керек.

Аймақтардың өркениетке қол жеткізуі үшін бюджеттен 40 млн. теңге бөлінген. Оның 30 млн. теңгесі биыл игеріліпті. Енді қалғаны келесі жылға өтпелі.

Назерке Үкібасова