Ұялы телефонын тартып алып, ломбардқа өткізген

134

 

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша өзінің кәмелетке толмаған баласының «Самсунг А10» маркалы ұялы телефонын танысы ашық түрде тартып алған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 30 000 теңге.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Оқиға орнына Түркістан ҚПБ Жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция тобы жіберілді. Күдіктіні ұстау мақсатында, тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды мұқият аралап, куәгерлерден жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері тонау қылмысына қатысы бар күдіктіні «ізін суытпай» қолға түсірді.

Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті азамат алынған ұялы телефонды 10 000 теңгеге ломбардқа өткізіп, ақшасын өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Айғақты зат ретінде ұялы телефон өткізілген ломбардтан алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ұсынады. Сондай-ақ, ұрылардың назары көп түсетін қоғамдық орындарда қымбат заттар мен ұялы телефондарды көрсетпеу керек. Егер сіз тонаудың немесе бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда дереу 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.