Мақтаарал АПБ-нің полицейлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізу барысында жергілікті тұрғындардың бірінен мал ұрлануының қауіпі бар деген ақпарат келеді.

Аталған жайтты естіген мақтааралдық полицейлер бірден ҚР ҚК-нің 188/1-бабы 2-бөлігімен тіркеп, іздестіру амалдарын бастап кетті. Соның нәтижесінде КПБ-нің аға жедел уәкілі полиция капитаны Ержан Жылқыбаев тәулік ішінде 22 жастағы күдікті азаматты қылмыс үстінде ұстады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүруде.

Тергеу барысында анықталғаны, күдікті азамат тұрғындардың біріне хабарласып, жайылымда жүрген 5 бас жылқы бар, соны белгіленген жерге апару үшін көлігін сұраған. Алайда жергілікті тұрғын күдік тудырған азаматты бірден полицейлерге хабарлаған. Хабарды естіген полиция қызметкері Ержан Жылқыбаев қылмысты ашу үшін аталған мекенжайға көлік жүргізушісі болып өзі барады. Күдікті азамат жылқыларды көлік келгенше ауылдың шетіндегі қораға жасырып отырған. Сөйтіп жедел уәкіл қызметкері Ержан күдікті азаматты қылмыс үстінде ұстады. Сонымен қатар күдікті Жетісай ауданының тұрғыны екендігі, ұрлықты 800 мың теңге қарызын жабудың ең оңай жолы осы деп ойлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 1.750 000 мың теңгені құрады. Айғақты зат ретінде жоғалған жылқылар өз иесіне қайтарылды. Бүгінгі таңда күдікті азамат қамауда.

Жәбірленуші азамат күдіктіні ұстаған полицейлерге өз алғысын білдірді. «Жылқыларымды ұрламақ болған күдікіні ұстаған полиция қызметкері Ержанға рақмет. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін! Еңбектеріңіз жана берсін!»-деді өз сөзінде.
Өз кезегінде, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына қырағы болуға және өз мүлкін сақтау үшін қажетті шаралар қабылдауға кеңес береді. Мүмкіндігінше аулалар мен қора-жайларын сенімді құлыптармен және қоршаулармен нығайтқаны жөн. Малды таңбалап, ен салдыру керек. Сондай-ақ бақташы жалдау қажет. Егер, сіз, мал ұрлығының болмаса басқа біреудің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.