Шымкент қаласы ТЖД «112» құтқару қызметінің пультіне 2021 жылғы 29 қаңтарда сағат 09:36-да әлеуметтік қызметкерден хабарлама келіп түсті.
Хабарламада оның Т. Әлімқұлов көшесінде тұратын 1930 жылы туған қарауындағы әже телефон қоңырауларына жауап бермегендіктен, ол шұғыл түрде зейнеткердің үйіне барғандығы айтылған. Тұрғылықты жеріне келгенде, қоңырау шалғаннан кейін әлеуметтік қызметкер әжейдің әрең шығып жатқан дауысын естиді. Жедел «112» нөміріне хабарласып, құтқарушыларды шақырады. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар кіреберіс есікті ашып берді. Ішкі кіргеннен кейін анықтағаны, қарт әжей жуынатын бөлмеде құлап, екі күн жатып қалған.
Абырой болғанда әжей дін аман, жедел медициналық көмек қажет еместігін айтты. Құтқарушылар әжейді диванға апарып жатқызды. Құрметті қала тұрғындары! Абай болып, бір-біріңізге мейірімді болыңыздар! Кездейсоқ оқыс оқиғаларға куә болсаңыздар «101» немесе «112» нөміріне хабар беріңіздер!