Шымкент қаласының тұрғыны Жанерке Темірбаеваның тағдыры әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Осыдан 7 жыл бұрын жас ана күйеуімен ажырасып, бала -шағасын асырай алмай қиналғанда қос ұлын балалар үйіне тапсырмақ болған. Алайда сол кездегі екі баланың анасына «Отырар» телеарнасының араласуымен «Нұрсәт» шағынауданынан арендалық баспана берілген еді.
Содан бері келіншек дүниеге тағы 4 баланы әкелген. Бүгінде 6 баланы тәрбиелеп отырған Жанеркенің жағдайымен танысып қайтқан едік.
Шымкент тұрғыны Жанерке Темірбаева алты баласымен «Нұрсәт»шағынауданындағы мына көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатында тұрады. Айта кету керек, бұл көмекке мұқтаж отбасы жайлы «Отырар» телеарнасы 2013 жылы мәселе көтерген болатын.
Яғни, осыдан 7 жыл бұрын жалғызбасты ана жадайдың жоқтығынан қос ұлын балалар үйіне тапсырамын деп отырғанда жерлестеріміз қолдау көрсетіп, көп ұзамай жергілікті билік Жанеркеге жалдамалы 2 бөлмелі пәтер де берген.Жеті жыл аралығында үшінші рет тұрмысқа шыққан келіншек жолдасымен дәм-тұзы жараспай, бүгінде алты баланы өзі тәрбиелеуде. Келіншек балаларымның жәрдемақысына өмір сүріп келемін дейді.
Жанерке ТЕМІРБАЕВА, көпбалалы ана:ь»Атаулы әлеуметтік көмекке 155 мың теңге шыққан. Былтыр төрт балама 103 мың теңге көлемінде жәрдемақыға іліктім. Төрт балама аламын. Екеуіне мемлекеттік жәрдем ақы алмаймын. Өйткені үйіміз арендалық болғандықтан, тіркеуде жоқ. Балалардың барлығы Темірбаевтар».
Ал жауаптылар шиеттей бала-шағаны тәрбиелеп отырған азаматшаның «мемлекеттен алған көмегі заң аясында беріліп келеді»,- дейді.
Дәурен ӘУЕЛХАНҰЛЫ, Шымкент қалалық жүмыспен қамту орталығының бөлім басшысы: «Нұрсәт» шағынауданының тұрғыны Жанерке Темірбаева 2020 жылдың 1,2,3 тоқсанында 842 мың теңге шартты ақшалай көмек алды. Төртінші тоқсанда көпбалалы ананың есеп шотына 351 мың теңгеден астам шартсыз ақшалай көмек аударылды. 2021 жылы азамтша бұл қаржылай көмекті автоматты түрде алады. Темірбаева жеке кәсіпкер ретінде тіркелген».
Жанеркенің жеке куәлік алуына, балаларының құжаттарын жәрдемақыға рәсімдеуге жергілікті әкімдік көмектессе, азық-түлік, балаларға азын-аулақ киім кешек және жатын бөлмеге жиһаз алуына кәсіпкерлер қолдау көрсетіпті. Кәсіпкерлер палатасының өкілдері жұмысқа, не оқу курстарына орналастырмақ болған екен. Алайда еден жуып жүріп нәпақа тауып жүргенінде келіншектің балалары абьайсызда көрпелерді өртеп жіберіп, бір өлімнен қалыпты. «Содан бері үйден шықпаймын, балаларды далаға шығармаймын»,- дейді көпбалалы ана.
Жанерке Темірбаева: «Көршілеріммен араласпаймын. Балаларымды еш жерге шығармаймын. Осы төрт дуалда отырамыз. Оңай емес, анам жоқ, бауырларым жоқ, жалғыз болған соң көпбала болсын деп тудым. Көбісі неге туа береді деп айтады. Құдай біледі кімнің алдында не күтіп тұрғанын. Жас болған соң алып кетемін бе деп едім…».
Санаулы күндерден соң 30 жасқа толатын Жанеркенің қолдау сұрайтын туыстары да жоқ. Балалар үйінде тәрбиеленген ол ұл-қыздарының қатарынан қалмағанын қалайды. Бірақ, алып отырған әлеуметтік көмегі ас-ауқатқа әрең жетеді дейді. Көмекке мұқтаж, дәл қазіргі таңда балаларының киер киімі жоқ екен. Күйзелістегі ана қиналса да ұл-қыздарын балалар үйіне тапсырмаймын деп шешімге келіпті.
Хабарласамын деген азаматтарға Жанеркенің рұқсатымен ұялы телефонының нөмірін беріп отырмыз 8778 390 23 51.
Отбасында мұздатқыш, теледидар жоқ.
Шынар Оразова