Биыл жыл басынан бері, Оңтүстіктен Солтүстік өңіріне 668 адам қоныс аударды. Олар тұрақты жұмыс орнымен қамтылып, тиісті қаражаты берілді. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева мәлімдеді. Одан бөлек, мыңнан аса қандас біздің өңірге қоныс аударып, 22-сі екі қолға бір күрек таба алды. Әлеуметтік салада өзгеде қандай жаңалықтар бар?
Биыл атаулы әлеуметтік көмекті 26 798 адам алды. Осылай деген жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева аталған сала бойынша есеп берді. Жыл бойына атқарған тындырымды тірліктерімен бөлісіп, көмекке мұқтаж отбасылардың саны жыл сайын төмендегенін жеткізді.
ЖАНАТ ӨТЕБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 5 076 отбасыдан 26 798 адамға тағайындалды. Мұны 20 224 жылдың 11 айымен салыстырған кезде көмек алушы саны өткен жылмен салыстырғанда отбасы саны 42,3% төмендеген. Бұл ұдайы алып отыратын отбасының көмек емес, бұл жағдайы төмен отбасыдан жағдайы отбасыға аудару мақсатында бірақ уақытша үкіметтен бөлінетін төлем. Сол себепті, бұл жерде біз әр әлеуметтік көмек алатындардың шартты, шартсыз болып бөлінеді. Шартты АӘК алатындардың барлығымен келісімшартқа тұрамыз. Егер ол азамат табысын арттыра берсе, көмек алушылардың қатарынан шығады».
Биыл қала бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызға төмендеген. Яғни, мамандардың қолдауымен 53 мыңнан аса адамға қолдау шаралары көрсетіліп түрлі бағыттағы жұмыс орындарына жіберілді. Олардың ішінде, субсидияланатын жұмыс орындары бар. Сонымен қатар, бірқатар адамдар кәсіптік оқытуға жіберілген.
ЖАНАТ ӨТЕБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Былтыр жұмыссыздық 4,8 пайыз болатын болса, биыл 4,7 пайызға жетістікке жетіп отырмыз. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі де қуантарлық нәрсе. Былтыр 3,5 пайыз болатын болса, биыл 2,9 пайызға төмендеді. Жаңа атап өткендей, бізде 127,3 пайызға 27781 азамат тұрақты жұмысқа орналасты деп атап өттім ғой. Мұның ішінде жаңа жұмыс орындары 3234 адам жұмысқа орналастырылды».
Айта кетейік, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарында 7 400 азамат еңбекке қабілетті болып табылады. Олардың ішінде 3 840 адам өтініш беру сәтінде тұрақты жұмыспен қамтылған.
Сонымен қатар, 163 азамат нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды деді басқарма басшысы. Бұдан бөлек, мамандардың айтуынша, қалада зейнеткерлерді сауықтыру орталықтары ашылып, олардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі үйірмелер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту бойынша тиісті бағдарламалар жолға қойылған.
Нұргүл Жолымбетова






