Ерекше баланың ата-анасына соттағы жеңілдіктер

148
Justice Icon. Vector a legal hammer that knocked off a case in the court of justice.

ҚР заңнамасына сәйкес, ерекше баланың ата-анасына соттарға жүгіну барысында жеңілдіктер қарастырылған. Яғни, сотқа арызданғанда мемлекеттік бажды төлемейді.
«Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату Соттарда мыналар мемлекеттік баж төлеуден босатылады:
13) талапкерлер – (…) бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі – барлық iстер мен құжаттар бойынша».
(ҚР Салық кодексі, 616-бап, 13) тармақша) «Өзге де әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату Мемлекеттік баж алымын төлеуден мыналар босатылады:
1) қылмыстық iсте азаматтық талап қоюды қойған кезде;
(…) бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі». (ҚР Салық кодексінің 622-бабы)
Шымкент қалалық сотының өкілі Қабыл Дүйсенбидің мәлімдеуінше, ерекше баланың ата-анасының бірі соттардағы жеңілдікті пайдалану үшін баланың мүгедектігі туралы анықтаманың түпнұсқасын сотқа қажет құжаттармен бірге ұсынуы тиіс.
Соттардағы өтініш түрлері бойынша мемлекеттік баж алымдары мынадай:
«Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мүліктік сипаттағы талап арыздардан:
* жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1%;
* заңды тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 3%…»
(ҚР Салық кодексінің 610-бабы)

Нұрлан Бектаев, «Тұлға.kz» жобасы

«Оңтүстік Рабат», №1, 7 қаңтар 2021 ж