Кедергісіз орта – келешек кепілі

78

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүктелген міндеттердің бірі – Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» заңнамасында көзделген мүмкіндігі шектеулі азаматтарының әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кіріп-шығуын қамтамасыз ету бойынша тексеру және бақылау жүргізу болып табылады.

Осы орайда, 2021 жылғы 6 қаңтарда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мүгедектерге қызмет көрсету орталығында департамент басшысы Бахтияр Өнербаевтың басшылығымен «Сынақ» мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту және әлеуметтік құқытарын іске асыру, қорғау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Жетпісбаев пен ҚБ-тің мүшесі М.Шоханов, сонымен қатар М.Сарсенбаевтың қатысуымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бағытына арналған мәселелер, тұрғылықты жерінен бастап, қызмет көрсету орнына дейін инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету жөнінде сөз қозғалды.

Кездесу қорытындысымен, көтерілген мәселелер негізінде хаттама түзіліп, оның орындалуы назарға алынатыны жеткізілді.