«Қазақтың 72 бапкері» атты кітап жарыққа шықты

386

2021 жылы жарыққа шыққан бұл кітапта, Қазақ спортының кейінгі 75 жылдық спорттық тарихын қамтитын елге ерен еңбегі сіңген 72 бапкер жайында өрбіген, соның бірі спорт арқылы Шардара топырағына ғана емес, бүкіл Қазақ еліне еңбегі сіңіп келе жатқан, бір емес бірнеше Әлемнің, Азия құрлығының чемпиондарын тәрбиелеп отырған Ұлағатты ұстаз Қарсыбаев Арман Романұлының ерен еңбегі еленген екен.

Қазақ спортының кейінгі 75 жылдық спорттық тарихын қамтитын ерен еңбектің авторы Қазақ спортының тарихшысы, белгілі қаламгер Қыдырбек Рысбек “ Аллаға сансыз шүкір! 35 жылғы жиған-терген, 3 жылғы табанды еңбектің нәтижесінде “Қазақтың 72 бапкері “ кітабы өмірге келді. Сонымен қоса Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттары мен Азия, Еурова, Совет одағы біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін баптаған 72 жаттықтырушы туралы деректі мақалаларға қосымша кітаптың орта тұсындағы жапсырмада бірнеше белді бапкерлер мен спорт қайраткерлері , спортшылар жайлы деректер мен суреттер бар. Бұл еңбекке 500 -ден астам қазақ спортшыларының аты-жөндері , жеңіс жолдары арқау болды” -дейді.

 

QAINAR KÓZШардара спорт