ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы Кентау қаласында таңертеңгі сағат 7.00-де басталды. Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов сайлаушылар қатарында болып қаладағы № 895 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Қала басшысы «Бұл сайлау – еліміз үшін өте маңызды. Тұрғындардың жарқын болашағын айқындайтын сәт. Қала тұрғындары бүгінгі саяси шарада жоғары деңгейде қатысады деп ойлаймын» деді.

Учаскеде барлық санитарлық талаптар сақталған және кіреберісте дене қызуы өлшеніп отыр.
Конституциялық мерзімге сай өтіп жатқан Мәжіліс сайлауына елімізде тіркелген 5 саяси партия, атап айтқанда, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Nur Otan» партиясы, «ADAL» саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстанның Халық партиясы» депутаттық мандаттан үмітті. Бұл партиялар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға да өз кандидаттарын ұсынған.

Кентау қаласы бойынша 74 сайлау учаскесі, 506 сайлау учаскелік комиссия мүшелері бар. Бүгінгі таңға 74 сайлау учаскесінде 107199 сайлаушы бар.

Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметі