Шымкент: Ғимараттар қабырғасындағы есірткі жарнамалары жойылды

183

 

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қалалық «Жастар ресурстық орталығымен» және “Харекет” қайырымдылық қорының Шымкент қаласы бойынша жетекшісі Серік Дарбышевпен бірлесіп, қаладағы есірткі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Еңбекші ауданындағы Л.Толстой көшесінің бойындағы ғимараттар мен үй-жайлардың сыртқы қабырғасына жарнамаланып салынған жалпы 48 есірткі құралдарының жазбалары өшірілді.

Осы мақсаттағы бірлескен іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.