Шымкент қаласының бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

161
фото Liter.kz

Қаулы

21.01. 2021ж. №2

Шымкент қаласының аумағында карантиндік, шектеу шараларын ұзарту және Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСД №67), «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСД №68), «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №293/2020 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының тіркелуінің жалғасуына байланысты, вирусты пневмония ауруының өсуіне орай және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының аумағында 2021 жылғы 25 қаңтар сағат 00:00-ден бастап 2021 жылғы 08 ақпан сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.

2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 қаулысына келесі өзгерістер
және толықтырулар енгізілсін:

1) 3 тармақтың 3.15. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.15. ҚР БМСД №67 қаулысындағы талаптардың сақталуымен кезекші (топта 20 адамнан аспайтын) топтарын қоспағанда, балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының және сауықтыру лагерлерінің жұмысы тоқтатылсын»;

2) 4 тармақтың 4.1. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4.1. жұмыс, демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін. Бетперделердің киілуі, толымдылығы отыратын орын санынан аспауы қадағалансын»;
3) 5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5.Меншік иесіне қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына, жеке кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға карантин аяқталғанға дейін»;
4) 5 тармақтың 5.3. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5.3. санитариялық-карантиндік және шектеу шараларын қатаң сақтауы қамтамасыз етілсін, персоналдар мен келушілердің санитариялық-карантиндік және шектеу шараларын сақтауына қадағалау күшейтілсін».

3. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

4. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарда жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
6. Осы қаулы 2021 жылғы 25 қантар сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

 

А.Тулебаев,
Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері