«Shymkent Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы ашылмақ

144

Шымкентте туристер мен қала тұрғындары үшін «Shymkent Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы ашылмақ. Қала әкімі М. Әйтеновтің тапсырмасымен қолға алынған бұл жоба осы жылдың қаңтар айының соңында жүзеге асады деп жоспарлануда.

Орталықтың мақсаты – қаланың туризмін дамыту, бизнес ортаны нығайту секілді ақпараттық-анықтамалық қызметтерді ұсыну. Орталық «біртерезе» қағидаты бойынша қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетеді. Сонымен бірге, туроператорлар, көлік компаниялары, гид және көші-қон қызметтері өкілдерінің көмегін пайдалана алу мүмкіндігін ұсынады.
«Shymkent Tourism Center» орталығы 500-ден астам ең ірі туроператорларды анықтау және оларға туристік маршруттарды ұсыну, шетелдік туристік орталықтармен жұмыстарды қадағалау; туристік жобалардың іске асуына қолдау көрсету және туризм саласына инвестиция тарту т.б. секілді нақты жоспарлар аясында жұмысын жандандырмақ.
Айта кетейік, Туристік-ақпараттық орталық ішкі туризмді дамытуға, Шымкент қаласы бойынша туристік өнімдердің отандық және шетелдік нарықта жол тартуына ықпал етеді.
QAINAR KÓZШымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы