Шымкентте 14 көше бойында «Сергек» жүйесі іске қосылды

136

Шымкент қаласы аумағында үш жақты түзілген меморандум негізінде 14 көше бойында «Сергек» жүйесі кешегі тәуліктен 5 қаңтардан бастап іске қосылды. «Сергек» жүйесінің бір функциясы қолданылып жатыр. Яғни автокөлік жүргізушілерімен жылдамдықты асырған фактісі тіркеледі.

Кешегі күні, яғни бір тәулікте 224 әкімшілік құқық бұзушылықпен 3 млн. 111 мың 360 теңгеәкімшілік айыппұл салынды.

Құқық бұзушылықтардың мекен-жайларына хабарлама барған күннен бастап 7 тәулік ішінде, салынған әкімшілік айыппұлдың 50 пайызмөлшерін төлеуге мүмкіндігі бар. Олардың өндірілгенінің барлығы мемлекет бюджетіне түседі.

Қала аумағында 2020 жылы жалпы 322 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 76 адам қаза болып, 406 азаматтар әр түрлі дене жарақаттарын алды.
«Сергек» жүйесі қала көлемінде жол көлік оқиғасының азайтуға септігін тигізді.
Қазіргі таңда ағымдағы жылдың наурыз айына дейін 320 (200 көше бойына және 120 көше қиылыстарына, 3 жыл ішінде жалпы 4000 бейне бақылау жүйесі) жерге «Сергек» жүйесін орнату жоспарлануда.

«Сергек» жүйесі арқылы әкімшілік айыппұлдарды тіркеуден бөлек, қылмысқа және басқада құқық бұзушылықтарға қызығушылық тудырған автокөліктерді қала көлемінде жүрген немесе жүрмегендігіне көз жеткізу мүмкіндігі бар.
«Сергек» жүйесі ауа-райының қолайсыз жағдайларына қарамайды. Барлық уақытта бір қалыпты жағдайда жұмыс атқарады.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңіз үшін, жолдарда жол ережесін сақтап жүрулеріңізді сұранамыз.

Бүгінгі таңда, кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, сонымен қатар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бірінші кезекке қойылған. Осы орайда «Жасөспірім» іс-шарасының 3-кезеңі, «Түнгі қаладағы балалар» және «Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің штаттық құрамында ювеналды полицияның 37 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы және білім беру ұйымдарына бекітілген 103 мектеп полиция инспекторы қызмет атқарады.
Ювеналды полиция инспекторлары күнделікті таңертеңгі, түскі және кешкі уақытта білім беру ұйымдарының аумағында орналасқан жаяу жүргіншілер жолағында қызмет атқарып, бастаушы сынып оқушыларының сабаққа қауіпсіз келіп кетуін қамтамасыз етуде.

Профилактикалық жұмыс барысында 2020 жылы түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болған 79 (2019ж-74) жасөспірім және түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 3 мың 87 жасөспірім (2019ж-3039) анықталып, олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ата-анасының бақылауынсыз жүрген 263 жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Құқық бұзушылыққа бейім 315жасөспірім және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін 180 ата-ана Ішкі істер органының есебіне қойылып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде, 2020 жылдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар — 18,4 пайызға, немесе 179-дан 146-ға төмендеді.

«Қазақтелеком» акционерлық қоғамының камералары көмегімен 2020 жылдың 16 қараша мен 31 желтоқсан апта аралығында, қала көлемінде 1891 (2019-2150) (-13,7%) қылмыс тіркелген.
Тонау – 20 (2019ж-44)(-95%);
Бұзақылық – 70 (2019ж-113) (-61,4%);
Ұрлық – 608 (2019ж-942) (-55%);
Пәтер ұрлығы – 145 (2019ж-151) (-4%).
«Қазақтелеком» телекоммуникациялық компаниясының қала аумағындағы көп қабатты үйлердің кіре-беріс дәліздерінде (подъездеріне) орнатылған бейнебақылау камераларын Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығына көру мүмкіндігін бере отырып, қылмыстың алдын алу, ізін суытпай ашу және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында полиция кешенді күштерін үнемі жолдай отырып профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырып нәтижесінде төмендегідей көрсеткіштерге қол жеткізілді.
Іс-шара барысында 1817 учаскелік инспекторлары және 697 патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолданған. 2475 азаматтарды тексеру мақсатында учаскелік трек пунктарына жеткізілген. 4 қылмыс ашылды. Атап айтқанда: есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу – 1 жайт, ұрлық – 2 жайт, зорлау қылмысы – 1 жайт.
Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша – 2026.
Оның ішінде:
— ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы – 717 ( ұсақ бұзақылық);
— ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы – 143 (қоғамдық орында спирттік ішімдік ішу);
— ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы – 2 ( қайыршылық);
— ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы — 5 (көші-қон заңнамасын бұзу);
— ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы — 181 (қоғамдық орында темекі шегу және тастау);
— ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы — 88 (заңсыз сауда);
— ҚР ӘҚБтК-нің жол ережесін бұзу – 487;
— ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2 тармағы (түңгі уақытта ата-анасыз және заңды өкілсіз үйде тыс жерде жүргені бойынша )-171;
— ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы (ҚР тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру)-40;
— ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (жасыл екпелерін жою және білдіру)-70;
— ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы (көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу)-122.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бейне бақылау жүйелерінің 2020 жылдың 12 айында барлығы 284 қылмыс ашылған (2019ж — 271), әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 47264, (2019ж — 44468). ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы — 938 (2019ж — 855), ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы — 1451 (2019ж — 1080), ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы — 1295 (2019ж — 2462), ПДД — 35433 (2019ж — 30284) және басқа құқықбұзушылықтар — 8136 (2019ж — 9787).