ШЫМКЕНТТЕ 51 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

179

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында сапалы интернетпен қамтудың 2-ші кезеңі басталды.

Жоба бойынша 27 елді мекенге базалық станция орнатылса, 16 тұрғын алапты оптикалық желімен қамту жұмысы жоспарланған.

Оптикалық желі үшін жеке инвестор тартылды. Қазіргі таңда 16 тұрғын алаптың координаты жолданып, желіні электр бағанасы арқылы жүргізуге келісім алынды. Бұл жұмыстардың аяқталу мерзімі осы жылдың бірінші жартыжылдығы болып белгіленіп отыр.

Өткен жылы шалғай аудандарды интернетпен қамтудың 1-ші кезеңінде 11 елді мекенге базалық станция орнатылған болатын. Оның ішінде, Алтынтөбе, Көкбұлақ, Солтүстік-Батыс және Достық (Солтүстік саяжай), тұрғын алаптарында станциялар толық іске қосылды.

Асар, Шымсити, Ақтас-2, Асар-2, Айкөл, Тұран және Шымсити-2 шағын аудандарында базалық станцияларды электр энергиясына жалғау жұмысы жүргізілуде. Бірінші кезең бойынша орнатылған базалық станциялардың барлығы іске қосылса, 51 668 адам сапалы интернетке қол жеткізеді.

Ал, Айкөл тұрғын алабына базалық станция орнату жөнінде Kcell байланыс операторымен келісім жасалды. Басзалық станцияны орнату жұмысы қаңтар айының соңында басталады.

QAINAR KÓZШымкент әкімдігінің баспасөз қызметі