Шымкентте өткен тәулікте коронавирустан 11 адам емделіп шықты

91

Шымкент қаласында өткен тәулікте 7 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды. Бүгінде Шымкент қаласы «жасыл» аймақта тұр, кешегі күні 11 науқас емделіп шықты.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, қазіргі таңда қалада 1060 төсек-орын бар (жұқпалы – 560, карантиндік – 500), оның ішінде 904 төсек-орын бос. Жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 156 науқас ем қабылдауда.

Айта кетейік, дәрігерлер қала тұрғындарына карантин уақытында сақтық шараларын қатаң сақтауын ескертеді. Әр адам бетперде тағып, көп шоғырланған жерге бармай, қоғамдық жерлерде арақашықтық сақтап жүруі тиіс.