ШЫҰ Бас Хатшысы: «Қазақстандағы сайлау әділ өтті»

129

Қазақстандағы сайлау әділ өтті. Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы мәлімдеді. Байқаушылар миссиясының басшысы Чжан Хайчжаудың айтуынша кешегі сайлау бұрынғылардан өзгерек өткен.

Сөзінше, бұған «ҚР Сайлау туралы» заңына енгізілген өзгерістер себеп. Осылай деген бас хатшы елдегі таңдаудың демократиялы өткеніне сенімді.

Чжан Хайчжау, ШЫҰ бас хатшысы: «Сайлау бұқаралық ақпарат құралдарында егжей-тегжейлі әрі жан-жақты жарияланды. Барлық эпидемиологиялық-санитарлық норма сақталды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де қажетті барлық жағдай қарастырылды. Сайлау кезеңінде миссия мүшелеріне ескертулер мен шағымдар келіп түскен жоқ. Миссия сайлауды еркін, әділ әрі демократиялы өтті деп мойындайды».

Назерке Үкібасова