Тәртіп сақшылары шетелдік азаматтың жоғалған әмиянын тауып берді

129

 

Түркістан ҚПБ-ның Көші-қон қызметі бөліміне Түркия Республикасының азаматы арызданады. Шетелдіктің айтуынша, ол досымен Қ.А.Яссауи кесенесі жанында қыдырып жүреді, кенет қалтасындағы әмияны жоқ екенін байқайды.

Белгісіз жағдайда жоғалған әмиянның ішінде жеке куәлігі, жүргізуші куәлігі, бірнеше банкомат карточкалары болған. Содан шетелдік бірден полицейлерге арызданып, жоғалған әмиянын тауып беруге көмек сұрайды. Аталған іс бойынша Көші-қон қызметі бөлімінің полицейлері іздеу шараларына тез арада кіріседі. Өзге ел азаматының маңызды құжаттарын тауып беруге қажетті барлық шараларды жүргізеді. Оның жүріп өткен жерлерін мұқият қарайды, көрген-білгендерден жауап алады.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері жоғалған әмиянды, ішіндегі құжаттарды толығымен көше бойынан тауып, егесіне қайтарып берді. Арызданушы азамат полицейлердің кәсіби шеберлігіне, қырағылығына дән риза болып, өз алғысын білдірді.

Қызметтеріне үлкен табыстар тіледі. Сондай-ақ Түркиялық азаматтың досы Нуриллах, полицейлерге шынайы ризашылығын білдірді: «Менің досым Ислам Өздемир аяқ асты әмиянын жоғалтып алды. Досым енді табылмайтын шығар деп уайымдап қалды. Мен оны сабырға шақырып, қалалық полиция арызданайық дедім. Содан Түркістандық полицейлер 1 күннің ішінде жоғалтқан заттарымызды тауып берді. Шын айтам, өте разымыз. Түркістан полициясына үлкен рақмет!»-деп ақжарма тілектерін жаудырды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды және мүліктерін қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. Қоғамдық және халық көп жиналатын жерлерде құнды заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Ақша мен әмиянды қалтаңызға салып немесе қолыңызда ұстаған дұрыс. Сондай-ақ, тонау немесе ұрлық жағдайына тап болсаңыз, тез арада полицияға «102» телефонына хабарласыңыз. Бұл қылмысты ертерек ашуға және ұрыларды, қарақшыларды ұстауға көмектеседі.

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі