Түркістан: Нұротандық үміткерлер оқу ғимаратын жөндеуге ықпал етпек

96

2025 жылға дейін Түркістан және Кентау қалаларында, сондай-ақ Қазығұрт, Мақтаарал, Жетісай, Ордабасы, Созақ, Төлеби, Сарыағаш, Келес, Түлкібас, Шардара аудандарындағы 429 тұрғын үйге күрделі жөндеуден өтетін болады. Сондай-ақ электр желілерінің тозығы жету үлесі 2025 жылға қарай 46,4 пайызға дейін төмендетіледі. Сонымен қатар Түркістан облысындағы білім беру саласына жаңаша серпін берілмек. Осы мақсатта 2022 жылы облысымызда 12 жаңа мектептің құрылысы басталмақ. Бұл туралы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық педагогикалық колледжінің қызметкерлерімен кездесуінде «Nur Otan» партиясы облыстық мәслихатына үміткер Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев мәлім етті.
Кездесуге республикалық және облыстық саяси кеңес мүшесі, Мақтарал ауданының құрметті азаматы Нұралы Әбішев пен Талғат Қаржауов та қатысты. Кездесу барысында үміткерлер ұстаздарды бас партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, пікір алмасты.
«2022 жылға дейін облысымыздағы барлық үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешімін табатын болады. Осы мақсатта Ордабасы ауданында 1 мектеп, 2021 жылы Сарыағаш ауданында 2 мектеп, 2022 жылы Қазығұрт ауданында 2 мектептің құрылысы басталады. 2022 жылға дейін барлық апатты мектептердің мәселесін шешу мақсатында Сайрам ауданында 1, 2021 жылы Келес ауданында – 1, Сарыағаш ауданында – 3, 2022 жылы Қазығұрт ауданында – 2 мектептің құрылысын жүргізу жоспарлануда», – деді Қайрат Балабиев.
Бұдан бөлек, «Nur Otan» партиясы жоғары және бірінші санаттағы профессорлық-оқытушылық құрамның үлесін арттыру, соның ішінде аймаққа жаңа кадрлар тарту ісіне де ықпал етпек. Осы жағымды жаңалықтарға қаныққан колледж қызметкерлері оқу орнының бірнеше жылдан бері күрделі жөндеу көрмегенін айтып, алдағы уақытта осы мәселеге ықпал жасауын сұрады. Үміткерлер бұл мәселені бақылауға алатынынын айтып, атсалысуға уәде етті.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Материал «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды.