Шардара АПБ-не жергілікті тұрғын әйел ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған. Жәбірленуші азаматшаның айтуынша таныс досының үйіне қонаққа барған. Сондай-ақ жәбірленуші ұялы телефонын қонақ бөлмеде тұрған үстел үстіне қойып ұмытып кеткенін көрсеткен. Содан жәбірленуші үйіне барғанда ұялы телефонының жоқтығын көріп, бірден полицейелерге арызданады. Оған келтірілген жалпы шығын көлемі 50 000 мың теңге.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Бұл ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ақпарат көздеріне сүйенді. Соның нәтижесінде күдікті азамат анықталды. Ол жәбірленушіні қонаққа шақырған үй иесі болып шықты. Айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Жәбірленуші әйел ұялы телефонын тауып берген полиция қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ұсынады. Егер сіз тонаудың немесе бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда дереу 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.