Жол ережесін өрескел бұзған қария кешірім сұрады

102
Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Түркістан облысы полиция департаментінің полицейлері екі автокөлік жүргізушілерінің арасында ерегіс жазылған бейнежазбаны анықтады. Тексеру барысында оқиға Келес ауданы елді мекендерінің бірінде орын алғаны белгілі болды.

«Шевролет» автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Лада»автокөлігін соққан.

Келес ауданы полицейлерінің атқарған шараларының нәтижесінде жол апатына кінәлі және өз кінәсін мойындаған Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Егде жастағы ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 4 бабы : 593-бабының 2-бөлігі «жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол жүру ережелерінде көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау», 601-бап «жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен ұйғарылған талаптарды сақтамау» және 610-бап «көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соғуы», 611-бап «жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерін орындамауы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жиналған материалдар жол ережесін бұзған жүргізушіге айыппұл салынуы мен жүргізуші куәлігінен айыру үшін сотқа жолданады. Өз кезегінде, «Лада» көлігінің жүргізушісі жол көлік оқиғасына кінәлі азаматқа қатысты ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, арыз жазудан бас тартты.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау мен өзге де адамдармен қарым қатынас кезінде мәдениеттілік таныту қажеттігін ескертеді.

Еске салайық, бұл оқыс оқиға әлеуметттік желіде кеңінен тарап, халық арасында пікір астында қалып еді.