Үкімет басшысы үшінші мегаполистің бүгінгі тынысымен танысты. Шымкентке іскерлік сапармен келген Асқар Мамин қаладағы құрылыс барысын бақылап, Шымкент сити қалашығына ат басын бұрды.

Айта кетейік, онда инвесторлар 199 млр. теңге бағыттап, екі мектеп пен бірнеше тұрғын үй салуда. Бұдан бөлек, Премьер-министр жаңадан бой көтеріп жатқан халықаралық әуежайға да келді. Еске салайық, бұл нысан қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Асқар Ұзақбайұлы құрылысы таяуда ғана басталған жолайрықпен де танысты. Д. Қонаев даңғылы мен Т. Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы бұл бағыт жыл соңына дейін беріледі деген жоспар бар. Шаһардың құрылыс жұмыстарынан бөлек премьер министр өңдеу өнеркәсібінің де баға берді. Айта кетейік, биыл Шымкенттегі фармацевтика, ауылшаруашылығы сынды салалары ел бойынша көш бастап тұр.

  Назерке Үкібасова