Түркістан қаласында Кентау-Түркістан бағытындағы Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолы аралығындағы Арыс-Түркістан каналында орналасқан көпірді қайта жаңғырту жұмыстары жүруде.
Аталған аумақта жаяу жүргіншілер жолының да адамдар үшін ыңғайлы, жарық болуы қарастырылған. Атап айтсақ, автокөлік жолынан бөлек 2 метрден жүргіншілер және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус қою қарастырылған. Одан өзге, кіші архитектуралық пішіндер, жарықшамдар, орындықтар, қоршау және қоқыс жәшіктері болады.
Жалпы, ескі көпірді жаңа заманауи әрі тарихи келбетке келтіру жұмыстары 5 ақпанда басталған болатын. 20 ақпанда аяқталуы жоспарланған жұмыстарға 52 жұмысшы мен 10-ға тарта техника жұмылдырылған.