Д.Қонаев атындағы даңғылдың жалғасы жартылай ашылады

127

Д.Қонаев атындағы даңғылдың жалғасын салу жобасы аясында жүргізіліп отырған құрылыс жұмыстарына байланысты қаладағы бірқатар көшелерде жол қозғалысы өзгеретінін назарларыңызға жеткіземіз.

Түркістан көшесіндегі көлік ағынын азайту мақсатында Д.Қонаев даңғылының Түркістан көшесімен қиылысу орнынан Тұрысов көшесіне дейінгі аралығында біржақтама көлік қозғалысы ұйымдастырылатын болады. Ендігі кезекте Д.Қонаев даңғылынан Түркістан көшесін кесіп өтіп С.Тұрысов көшесі арқылы К.Тоқаев көшесіне шығуға мүмкіншілік бар.

Бұл бағытта қозғалыс сызбасы әзірленіп, бекітілді. Қазіргі таңда, қозғалысты ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде, алдағы аптада көлік қозғалысы қамтамасыз етіледі.