Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қалалық «Жастар ресурстық орталығымен» қаладағы есірткі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шара кезекті «Есірткіге жол жоқ!» акциясын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Еңбекші ауданындағы Н.Веснин және Н. Төреқұлов көшелерінің бойындағы ғимараттар мен үй-жайлардың сыртқы қабырғасына жарнамаланып салынған жалпы 33 есірткі құралдарының жазбалары өшірілді.
Осы мақсаттағы бірлескен іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.