Коронавирус: СҚО «жасыл» аймаққа өтті, «сары» аймақта 5 өңір қалды

185

Денсаулық сақтау министрлігі 21 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

21 ақпандағы матрицаға сәйкес, Қазақстанның ешбір облысы «қызыл» аймақта жоқ. «Сары» аймақта – Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары тұр. Қалған өңірлердің бәрі – «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.