Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені белгілі. Осы дертпен күрестің тиімді тетігі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық, ашықтық қағидаттарын енгізу болып табылады.
Осы орайда, 23 ақпан 2021 жылы Шымкент қаласы әкімі орынбасары Ш.Мұқанның, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Б.Унербаевтың және басшының МӘС сараптама жөніндегі орынбасары Т.Дауытовтың, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы А.Жұмағалидың және басшының бірінші орынбасары Т.Серікбаевтың, Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов және де қалалық емханалардың бас дәрігерлері, орынбасарлары, ДКК төрағаларының қатысуымен «Zoom» режимінде «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті МӘС бөлімдерінің 2020 жылғы атқарылған жұмыстары, мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасын әзірлеу және негізсіз жолданғандардың есебі» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында, МӘС бөлімдері мен емдеу ұйымдары жүйелеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, Қазақстан Республикасы заңдарын бұзуға жол бермеу, мемлекеттік қызмет көрсету ережелері және мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ, Әдеп нормаларының сақталуы туралы сөз қозғалды.