Миллион тұратын «копейка»

138
фото kolesa.kz

Ескі ВАЗ-2101 өз отаны Тольяттиде сатылып жатыр.

1972 жылғы көк түсті ВАЗ-2101 небәрі 62 шақырым жол жүрген. Сатушы берген ақпаратқа сүйенсек, 49 жыл бойы көлікке ешкім мінбеген, тіпті есепке де қоймапты. Жүргізуші жақтағы есігі мен капоты ғана ашылған көліктің басқа бөлігі пломбаланған.

Бір ғана адам иелік еткен экспонаттың бағасы — 15 млн рубль, яғни 200 мың долларға жуық.

Ал Қазақстанда гаражда сақталған ең қымбат екі «копейканың» бағасы ресейлік көліктен 15 есе арзан. Сатылымға шыққан 117 машинаның арасынан жүріп тұрған анағұрлым арзан көліктерді табуға болады.

kolesa.kz