Өрт сөндірушілер оқу-жаттығу өткізді

288

Шымкенттік өрт сөндірушлер оқу жаттығу жұмыстарын өткізді. Оның барысында бөлімшенің жеке құрамы өрт орын алған жерге шұғыл жету әрекеттерін пысықтады.

Толық жабдықталған арнайы көліктер оқу жаттығудың шарттары бойынша Көксай шағынауданында орын алған өртті сөндіруге асығуда. Алайда ескі қалашықтағы тар көшелерден өртке оранған үйге көліктің жетуі мүмкін болмады. Сондықтан өрт сөндушілер тез арада 200 метр қашықтыққа жететін су себетін түтік құбырлы жеңдерді  тартты.
Қайрат САРСЕМБАЕВ, Еңбекші ауданы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының басшысы: «№2 өрт сөндіру бөлімшесімен оқу-жаттығу өтуде. Арнайы Көксай-3 ұйымдастырдық. Өйткені, осындай тар көшелер қалада баршылық. Үйлерге көлік өте алмайды. Осындай жағдайда өрт сөндірушілердің әс әрекеті шыңдалады».

Төтеншеліктердің айтуынша, тар көшелерде орналасқан тұрғын үйлер бір-біріне өте жақын салынған. Өрт сөндірушілер су себетін түтік құбырлы жеңдерін  тартқанша от жалыны басқа үйлер мен қораларға өтуі ықтимал. Сондықтан, осындай оқу -жаттығулары шапшаң әрекет етуге үйретеді,- дейді мамандар.

Шынар Оразова