Шымкентте қару сақтау мен тіркеу тәртібін бұзған 89 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақпанның 3-нен бастауын алған шара барысында қалада 6 мыңнан астам қару иесінің 2 мыңға жуығы тексеріліпті. Бұл тексеру «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізіліп жатыр. Шара наурыздың 2-не дейін жалғасады.
Ерғали Сүлейменов, Шымкент қаласының ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:» «Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде қару иесі бұл туралы аумақтық ішкі істер органына 10 күн мерзімде хабарлауға міндетті. Осы ережелерді сақтамау ҚР ЭҚБ т К 486 бабына сәйкес 43 755 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады».
Шынар Оразова