Түркістан облысы аумағында атыс қаруын пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге және заңсыз сақталған тіркелмеген қаруларды анықтау мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Осындай шара барысында полицейлер Сайрам ауданы арқылы өтетін Шымкент–Алматы тас жолында «BMW» маркалы автокөлігін тексерді. Оның ішінен екі сигналдық тапанша, бір тегіс ұңғылы қару, сондай-ақ 10-нан астам оқ-дәрі мен гильзаларды тәркіледі.
Полицейлер мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтіп, азаматтарды тіркелмеген қаруларды өз еркімен полицияға тапсыруға шақырады.







