Қыздар боксынан жерлестеріміз ел чемпинатында жеңіс тұғырынан көрінді

121

Ақпан айының 1-7 күндері аралығында, Алматы қаласында жастар (2003-2004) және жасөспірім(2005-2006) қыздар арасында бокстан Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті.

Жеті күнге созылған дүбірлі додада, шаршы алаңның шаңын шығарып, алғашқы кездесуінде ақ өз шеберлігін көзге түсіп, жасөспірімдер арасында 57 келіде өнер көрсеткен жерлесіміз Сәрсенбай Ұлжан, финалдық кездесуде Қарағандылық қарсыласын техникалық накаутпен жеңіп, алтын алқаны абыроймен қанжығасына байлады.

51 келіде шаршы алаңға шыққан жерлесіміз Ташкенбай Ажар алғашқы Атыраулық және Алматылық қарсыластарынан басым түссе, жартылай финалда Павлодарлық 3 дүркін ҚР чемпионынан басым түсіп финалға жолдама алған болатын, финалдық кездесуде Қарағандылық қарсыласына есе жіберген Ташкенбай Ажар күміс алқаға қол жеткізді.

70 келіде шаршы алаңға шыққан Сұлтанова Балнұр Солтүстік Қазақстандық қарсыласынан басым түсіп қола алқаны қанжығасына байлады.

Түркістан облыстық N4 ОРМБЖ спорт мектебінде жаттығатын жеңімпаз қыздарымызды және жаттықтырушысы Демеуов Шыңғысты жеңістерімен құттықтаймыз!