Синоптиктер алдағы күндерге ауа-райы болжамын жариялады

120

«Қазгидромет» РМК-сы 2021 жылғы 20-26 ақпан күндерінің ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжауынша, алдағы сенбі және жексенбі күндері Шымкентте ауа райы күрт өзгереді.

Нақтырақ айтсақ, 20 ақпан күні жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0-2 градусты көрсетсе, күндіз +6+8 градус шамасында болады.

Ал, 21 ақпан күні түнде жауын-шашын болуы мүмкін. Сондай-ақ, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0-2 градусты көрсетсе, күндіз +7+9 градус шамасында болады.
22 ақпанда күндіз жауын-шашын және тұман болуы мүмкін. Шығыстан соққан жел секундына – 8-13 метр. Түнде -2-4, күндіз +6+8 градуста болмақ. Ал 23 ақпанда таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні, таңертең және күндіз – 18-23 м/с.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 24-25-26 ақпан күндері ауа райы құбылып, күн суытады. Қатты жел тұрып, қар жауады, көк тайғақ болады деп болжам жасалуда. 24 ақпан күні ауа температурасы түнде 0+2, күндіз -2-4, ал 25-26 ақпан күндері түнде -11-13, күндіз -3-5 градусты көрсетеді.

QAINAR KÓZШымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы